60 жыл бұрын, 1964 жылы Алматыда «Целинный» кинотеатры ашылды. Қазақстандағы ең үлкен кинотеатрдың шырқау биікке көтерілген сәті де, құрдымға құлаған кезі де болды: бір кездері ең көп касса жинаған, Қазақстандағы алдыңғы қатарлы кинотеатрдан жиһаз салонына айналды.
Бұл жобада Власть ғимараттың тарихы, оның өзгеру жолы мен заманауи мәдениет орталығы ретіндегі жаңа өмірі туралы айтады. Енді мұнда өнер көрмелері, кино/театр көрсетілімдері, қоғамдық талқылаулар және тағы басқа шаралар өтіп тұрады.
Жылымық кезеңдегі кинотеатр
Велюр перде, үш рет соғылатын қоңырау: «Целинныйдың» ашылу тарихы
1962 жылы 14 тамызда кинотеатр салуға Калинин (Қабанбай батыр) мен Масанчи көшелерінің қиылысынан 2,04 га аумақ бөлінді. 60-жылдары Алматыда бұл көшенің орны бөлек еді: опера және балет театры маңында бейресми «Бродвей» деп аталатын, серуендейтін жер болды. Алғашқы материалда кинотеатрдың қалай ашылғанына тоқталамыз.
ОқуЕлдегі үздік кинотеатр
«Целинный» 80-жылдардың соңына дейін қалай жұмыс істеді
«Целинный» кинотеатр ашылған 1964 жылдан бастап, КСРО құлап, бүкілодақтық кинопрокат жүйесі тарағанға дейін 27 жыл табысты жұмыс істеді. Бұл материалда кинотеатрдың «алтын» дәуіріне тоқталамыз.
Оқу«Калигуладан» диван сататын дүкенге дейін
«Целинный» 1990 және 2000-жылдардан қалай аман шықты?
Отыз жылға жуық табысты жұмыс істеген «Целинный» үшін де, бүкіл ел үшін де қиын кезең басталды: КСРО ыдырады, сонымен бірге кинопрокат жүйесі де құрдымға кетті. Он жылдай кинотеатр аман қалудың барлық амалын жасаса, екі мыңыншы жылдар басында ренессансты бастан кешті. Одан бұрын ғимаратқа түбегейлі реконструкция жасалды. Кейін анық болғандай, бұл сәтсіз болып шықты.
ОқуAsif Khan Studio рендері, Лондон
Ғимараттың заманауи тарихы мен болашағы
«Целинный» заманауи мәдени орталығының ашылуы
Бүгінде кинотеатр ғимаратына ауқымды қайта құру жұмысы жүргізіліп жатыр, нәтижесінде кинотеатр көпфункционалдық қоғамдық кеңістікке айналып, жаңа мағынаға ие болмақ. «Целинный» заманауи мәдени орталығының жаңа тарихы мен ғимараттың жаңғыруы туралы материал жақын арада оның ресми ашылуынан кейін жарияланады.
Естеліктер
«Бір орынның тарихы: Целинный» жобасын бастаған кезде оқырманнан 60 жыл бұрын ашылған, КСРО-ның құлауын, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялауын, 90-жылдардағы құлдырау мен жаңа ғасырдың басындағы өрлеуді бірге көрген осы кинотеатрмен байланысты оқиғаларын жолдауды сұраған едік.
Галерея
1964 жылдан 2018 жылға дейінгі мұрағат фотосуреттерінде «Целинный» кинотеатрының салтанатты ашылуынан бастап қазіргі күнге дейінгі бай тарихы көрсетілген.